Махаббат Және Мағрифат

Исламтанушы ғалым Осман Нұри ТОПБАШ ұстаздың бұл шығармасында махаббат пен мағрифат тақырыптарына кеңінен тоқталып, осы екі танымның негізгіі мағыналарын қарастырған. Күллі әлемнің махаббат себепті жаратылғанын, сондай-ақ адам баласының Жаратушы Иесін және Ол жіберген соңғы Пайғамбарды шын танып (мағрифат), шын сүюге (махаббат) зәру екендігін көңіл аударарлық түрде баяндаған.